oC

130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты еліміз үшін «Тілдер мерекесі» бұл мереке діни және ұлттық тектіліктен асқан рухтың өзара байланысын, бірлігі мен тұтастығын білдіреді.  Тек осы күні ғана емес, бүкіл бір ай бойы республика көлемінде тақырыптық іс-шаралар өткізілуде. Тіл саясаты талқыланады, көрмелер, концерттер, ғылыми конференциялар, фестивальдар, студенттер арасында тіл білімі бойынша байқаулар мен викториналар өткізіледі.  Әрине, Тілдер күні түрлі ұлттардың тағамдары ұсынылатын жомарт дастархансыз өтпейді.

Халық әндері, жарқын ұлттық киімдер, әртүрлі халықтардың бірегей билері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рецепт бойынша дәмді тағамдар, басқа халықтардың тарихымен танысу - осының бәрі бірегей жақсы мерекені мән-мағынаға толтырады және бауырластық қарым-қатынасты нығайтады, халықтардың рухани мәдениеті мен  әдет-ғұрыптарын түсінуге үйретеді.
Ал мектебімізде Тілдер күніне орай 5-7 сыныптар арасында ұмытылмас мереке өтті.  Балалар белсене қатысты.