oC

№3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ІШКІ ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

1 бап. Жалпы ережелер.

1. №3 мектеп-гимназиясының ішкі тәртібінің нағыз үлгілік ережелері (ары қарай-үлгілік ережелер) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 6 заңының 3 тармағының 24-2 тармақшасына сай жасалған және №3 мектеп-гимназиясындағы тәртіпті анықтап, ішкі тәртіпті жүзеге асырады.

2. Үлгілік ережелер №3 мектеп-гимназиясының ішкі тәртіптік ержелерін қамтамасыз ету үшін жасалған.

3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында №3 мектеп-гимназиясының әкімшілігі қызметкерлердің, сонымен қатар, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және мектептің басқа да заңды тұлғаларының тәртіп сақтауын қадағалайды.

2 бап. Мектеп-гимназия әкімшілігі

1 Жаңартылған шаруашылық механизм жағдайында қаржы-шаруашылық қызметін іске асырады, ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындармен байланысты және қарым-қатынасты дұрыстайды.

2 Гимназия мүлігін басқарады, келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді, несиелерді басқарады.

3 Жаңадан жұмысқа қабылданатын педагогтармен белгіленген мерзімге өзара міндеттемелер туралы келісім-шартқа тұрады.

4 Жасалған келісім-шартқа сәйкес міндеттемелерді орындайды.

5 Өзара міндеттеме туралы жоғарыда аталған келісім-шарттарды бұзады.

6 Қазақстан Республикасында және шетелдік ұйымдармен іскерлік байланысты жалғастырады.

7 Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

3 бап. №3 Мектеп-гимназия педагогтарының құқықтары және міндеттері

1. Педагог жалпы білім беретін мектептің ішкі тәртіп талаптарын орындайды.

2. Гимназия педагогы міндетті:

· лауазымдық нұсқаулықтағы және әкімшілікпен шарт жасалған еңбек келісім-шартындағы жағдайларды орындауға:

· оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнына және ұйымдастыруға жеке жауапкершілікті атқаруға;

· дарынды және қабілетті балаларды анықтауға себептесу, әр баланың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, балалардың өздігінен білім алуға және өздігімен даму қажеттілігін, белсендік танымдық қызметін қалыптастыруға;

· шығармашылық жұмыс тобының мүшесі болу, аналитикалық-зерттеу қызметі дағдыларын меңгеру, педагогтан пәннен (циклдан) терең білім, кең білгірлік енгізілген жоғары кәсіби біліктілік, психологиялық тәжіриберлік хабардар білім, заманауи педагогикалық технологияларды иелену, жоғары психологиялық педагогикалық деңгейдегі дайындық талап етіледі;

· әріптестермен, балалармен және олардың ата-аналарымен қатынас барысында этикалық нормаларды қатаң түрде сақтауға;

· оқу сабақтарының басталуына 15 минут бұрын келуге (кезекшілік уақытында 30 минут бұрын);

· оқушылардың сыртқы бейнесі тәртібінің сақталуын бақылауға;

· сабақтарды әкімшілік бекіткен кестеге сәйкес жүргізуге;

· күнтізбелік жоспарға және талаптарға сәйкес құрастырылған сабақ жоспарларының болуы;

· сынып журналдарының беттерін уақытылы және сапалы толтыруға;

· оқу және мектептен тыс іс-шараларлы өткізу барысында техника қауіпсіздігін сақтауға;

· сабақ аяқталмай оқу қабинетінен оқушылардың шығуына жол бермеуге;

· өндірістік отырыстарға, қала және мектеп әкімшілігінің бұйрықтары мен кестесіне сәйкес іс –шараларға және Педагогикалық кеңестерге қатысуға;

· жұмыс орнында науқас болған жағдайда және басқа да дәлелді себептермен болмау жағдайы туралы мектеп әкімшілігін алдын ала алмастыру қажеттілігі туралы хабардар етуге;

3. Педагог құқықтары:

· жеке әдістер және бағдарламаларды әзірлеуге, оларды оқу үрдісіне енгізуге (олардың шарттары гимназияның ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілген жағдайда ), зерттеу қызметін жүргізуге;

· оқу–тәрбие қызметінің әдістері мен түлерін өз еркімен таңдауға;

· өз кандидатурасын келесі біліктілік деңгейге көтермелеуге.

4 бап. Мектеп-гимназия гимназистерінің құқықтары мен міндеттері

1. Гимназист үшін оқу еңбек әрекетінің негізгі түрі болып табылады. Гимназист мектепке сабақ басталмастан 15 минут бұрын келеді.
2.Гимназист әкімшілікке, сынып жетекшісіне бағынады, олардың өкімдерінің барлығын орындайды.
3.Гимназист сабақты себепсіз қалдырмайды. Қалдырған жағдайда себебін растайтын құжат (медициналық анықтама, т.б.) әкеледі. Гимназисттің қалдыруға мүмкін оқу сағаты Педагогикалық Кеңес шешімі және мектеп-гимназия директорының бұйрығымен реттеледі.

4. Гимназист міндетті:
•білім және біліктілік дағдысын жүйелі және терең меңгеруге;
•бекітілген мерзімге сәйкес сабақты қалдырмауға, сыныптан тыс іс-шараларға соның ішінде жазғы еңбек тоқсанын еңбекпен өтеуге, оқу жоспары және бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды орындауға;
•өзінің көзқарасы және мәдени деңгейін жетілдіруге;
•мектеп-гимназиясының ішкі тәртіп ережесін сақтауға;
•тәртіпті және жинақы болуға;

· өз қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес міндетті түрде нәтиже беретін шығармашылық немесе зерттеу жұмысын жүргізуге;
•мұғалімдермен, ата-аналармен және басқа да қызмет көрсететін адамдармен қарым-қытынаста әдеп нормаларын қатаң сақтауға;
•гимназияның қоғамдық өміріне, қайырымдылық шараларға белсене араласуға;
•мектеп мүлкін сақтауға;
•сабаққа 7.45 және 13.45- тен қалмай келуге;
•оқушы күнделігін, оқулығын және басқа да оқу құралдарын өзімен бірге алып жүруге;
•өткір, үшкір, кесетін, иісі жағымсыз және басқа да қауіпті, оқу үрдісіне сай емес заттарды әкелмеуге;
•оқушы ұқыпты және таза болуы керек, мектеп формасына сәйкес мөлшерде кию керек, косметика мен әшекейлерді қолдануға рұқсат етілмейді. Тырнақтарды қысқа кесу керек, түссіз жабын рұқсат етіледі. Шаш табиғи түсті болуы керек және құйрыққа, өрімдерге, шаш қыстырғыштарына жиналуы керек. Ұлдарда қысқа шашты шашты. Ұлдарға сақалын өсіруге, әшекейлер (сырғалар, пирсинг, тоннельдер және т.б.) тағуға тыйым салынады.

· •гимназияда сыртқы киіммен және екінші (ауыстыратын) аяқ киімсіз жүруге тыйым салынады.

5. Гимназия тәртібі:
•мектеп-гимназияда оқушылар арасындағы қарым-қатынас бір-біріне деген сыйластық, мейірімділік, қамқорлық, көмек негізінде жүзеге асырылады;
•тұлғаға моральдық және жеке басына зорлық-зомбылық, сондай-ақ адамдардың эстетикалық сезіміне қарсы әсер ететін, денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттер жасауға тыйым салынады;
•гимназияда темекі шегуге, балағат сөздер айтуға, шекілдеуік шағуға, құмар ойындарды ойнауға, сабақта – плеер тыңдауға, ұялы телефон қолдануға, қарым-қатынасты күшпен және тіл тигізіп, қорлау арқылы шешуге тыйым салынады;

•Мектеп ғимаратында ұялы телефонды міндетті түрде дыбыссыз режимге қою қажет.
•Сабақ уақытында телефонды сөндіріп, сөмкеге салып қою қажет.

•Телефонның бүтін болуына, жоғалмауына тек қана иесі жауапты ( ата-анасы, заңды тұлғалар).
•оқушылар сабаққа кешікпеуі тиіс;
•қоңырау соғылысымен барлық оқушылар орындарына отырып, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындаулары қажет;
•әр оқушы өз жұмыс орнының тазалығына жауапты;
•оқушы сабаққа қажетті материалдармен және орындалған үй тапсырмасымен келеді;
•сабаққа қатысы жоқ заттарды әкелуге тыйым салынады;
•оқушы сабақтан өз еркімен шыға алмайды, тек жедел жағдайда мұғалімнің рұқсатымен шығуға мүмкіндік алады;
•дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар міндетті түрде сабақта отырулары қажет;
•сабақ уақытында дәлізде жүруге қатаң тыйым салынады;
•ауыздағы сағыз – мәдениетсіздіктің белгісі. Гимназияда сағыз шайнауға тыйым салынған;
•оқушылар үзілісте кабинеттерді желдетуге мүмкіндік жасап дәлізге шығулары тиіс;
•үзілісте жүгіруге, үлкен қимылды қажет ететін ойындарды ойнауға,жарақат алуға және мүліктің бүлінуіне әкеп соғатын әрекеттер жасауға тыйым салынады;
•оқушылар баспалдақта өте мұқият болулары тиіс (баспалдақта жүгіруге, ойындар ұйымдастыруға, топталып тұруға тыйым салынады);
•оқушылар кезекші мұғалімнің немесе мұғалімнің талабы бойынша тегін, аты-жөнін, сыныбын айтуы тиіс;
•1-4 сынып оқушылары асханаға кесте бойынша барады;
•5-11 сынып оқушылары асханаға үлкен үзілісте барады;
•оқушылар өз ыдыстарын өздері жинайды;
•асханадан тамақ алып шығуға тыйым салынады;
•оқушылар әжетхананы ұқыпты, таза, жеке бастың тазалығын сақтай отырып пайдаланулары қажет;
•себеп-сылтаусыз әжетханада кешігуге болмайды;
•гимназияда оқымайтын оқушыларға сыныптан тыс іс-шараларға қатысуға тыйым салынады;
•оқушылар нақты іс-шараға арналған қауіпсіздік техникасы мен ҚТ жөніндегі нұсқаулықтар талабын сақтаулары қажет;
•оқу уақытында гимназия аумағынан шығуға қатаң тыйым салынады;
•бала оқу уақытында гимназия аумағынан тек сынып жетекшісінің, кезекші әкімшілік өкілінің жазбаша рұқсатымен немесе ата-анасының келісімімен (ауырған немесе жарақат алған жағдайда, ересек адамның (гимназия қызметкері немесе ата-ананың көмегімен) кете алады;

6.Гимназист құқылы:
•лаборатория, кабинет, кітапханалар және басқа да оқыту-тәрбиелеу мекемелерінің қызметін тегін пайдалануға;
•сынып жетекшілері және өзінің қоғамдық ұйымы арқылы оқу үрдісін жандандыру, үлгерім, оқу пәндері және оқушының басқа сыныпқа ауысуы, емтихан тапсырған жағдайда Педагогикалық кеңес шешімімен келесі сыныпқа көшуі, басқа да мәселелерді талқылауға;
•гимназияның өнерпаз балалар ұйымына кіруге, сондай-ақ одан еркін шығуға;
•жеке жоспармен оқу мүмкіндігіне.

5 бап. Ата-аналардың (оларды ауыстыратын адамдардың) құқықтары мен міндеттері.
1.Ата-аналар міндетті:

•оқушылардың мектеп-гимназия Жарғысын және ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауын қадағалауға;
•балалары оқыту мазмұнын табысты меңгеру үшін гимназия мұғалімдеріне жәрдем көрсетуге;
•педагогикалық ұжым және балалармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтауға;
•ата-аналар қоғамдастығы қызметіне белсене араласуға;
•балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда материалдық жауапкершілікке тартылуға;
•сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге көмектесуге;
•ата-анасы (заңды өкілдері) бала сабақтан қалған жағдайда сынып жетекшісіне хабарлауға немесе медициналық мекемеден анықтама әкелуге;

· әкімшілік және педагогтардың талабы бойынша мектепке, сонымен қатар ата-аналар және жалпы мектептік жиналыстарға, конференцияларға, кездесулерге уақытылы келуге;

· мектеп ғимаратында және аумағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді, мектеп персоналының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілігін міндетті түрде бекіту қажет
•ата-аналар педагогқа тек сабақтан тыс уақытта жолыға алады. Жедел жағдайда ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогтармен кездесуі кезекші әкімшілік өкілінің шешімі негізінде куәландыратын құжатын көрсету арқылы жүзеге асырылады;
•ата-аналар (заңды өкілдер) сабаққа тек гимназия директорының жазбаша рұқсаты бойынша қатыса алады;

2.Гимназисттердің ата-аналары құқылы:
•мектеп-гимназия Педагогикалық кеңесі алдында өз баласын басқа сыныпқа ауыстыру жөнінде мәселе қоюға;
•баланы жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру жөнінде мәселе қоюға;
•өз баласын басқа оқу орнына ауыстыруға.

6 бап. Мектеп-гимназиясының педагогтары және әкімшілік арасындағы қарым-қатынас

1. Мектеп-гимназиясының педагогтары және әкімшілік арасындағы қарым-қатынас мектеп-гимназиясының педагогтары және әкімшілік арасында жасалатын еңбек келісім-шартымен және осы ережемен анықталып жасалады.

2. Еңбек келісім-шартын жасау барысында мектеп-гимназиясы міндеттенеді:

· педагогқа мамандығына сәйкес жұмысты беруге;

· келісім-шарттың екі жағында қанағаттандыратын педагогикалық жүктемемен қамтамасыз етуге;

· педагогтың тілегі бойынша мектеп-гимназиясында жұмыс істеуге жағдай жасауға;

· педагогтың тілегі бойынша оның алдында алған қосымша міндеттерді орындауға;

· жасалған келісім-шарт жағдайы және мектеп-гимназия Жарғысын сақтауға.

 

3. Еңбек келісім-шартын жасау барысында педагог міндеттенеді:

· еңбек келісім-шартымен жасалған мамандығы бойынша қызметті орындауға;

· жасалған келісім-шарт жағдайларын, Ішкі тәртіп ережелерін және мектеп-гимназия Жарғысын бұлжытпай орындауға;

· мектеп-гимназия алдында алған қосымша міндеттерді орындауға.

4. Еңбек келісім-шартын жасау барысында мектеп-гимназия құқықтары:

· педагогтың еңбек келісім-шартымен жасалып, көзделген жұмыстың сапалы орындалуын бақылауға;

· еңбек келісім-шартымен жасалған жұмыстарды сапасыз орындаған жағдайда педагогты жұмыстан босатуға;

· ата-аналармен, педагогтармен және гимназисттермен қарым-қатынас нормаларын бұзып, кінәлі болған қызметкерді педагогикалық қызметінен босатуға;

· жасалған келісім-шарт жағдайларын Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 54 бабында аталып шыққан жағдайларды орындамағанда, мерзімнің өтуіне дейін келісім-шартты бұзуға.

5. Еңбек келісім-шартын жасау барысында педагог құқылы:

· мектеп-гимназиясының басқару органдарына, кәсіпорын органдарына өтініш, арыздарымен жүгінуге және жүгінген мәні бойынша жауапты талап етуге;

· өзінің оқу технологияларын әзірлеп, енгізуге;

· келісім-шарт бойынша жұмысты орындауға кедергі болатын мүгедек немесе науқастану жағдайында, мектеп-гимназиясы еңбек заңын бұзған және басқа да дәлелді себептермен келісім-шартты мерзімнен бұрын бұзуға мектеп-гимназиясынан талап етуге;

· Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 54 бабына сәйкес мерзімнің өтуіне дейін келісім-шартты бұзуға.

7-бап. Мектеп әкімшілігі және ата-аналардың (оларды ауыстыратын адамдардың) қарым-қатынасы

1.Мектеп-гимназияның міндеттері:
•баланы оқуын әрі қарай жалғастыру үшін жасына сәйкес таңдаған кәсіби бағытқа байланысты гимназиялық сыныпқа қабылдау;
•оқу сыныбын баланың психология-физиологиялық кемелденуіне, оқу әрекетінің нәтижесіне, денсаулығына немесе басқа да қосымша жағдайларға байланысты, Жалпы білім беретін оқу орындарының ережесіне және мектеп-гимназия жарғысына сәйкес анықтау;
•оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау;
•емдеу-аурудың алдын алу шараларын өткізу және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау жауапкершілігі;
•оқу-тәрбие үрдісін оқу жоспарына сәйкес қамтамасыз ету;
•бала денсаулығы жөнінде медициналық қорытынды болған жағдайда үйде жеке оқытуды қамтамасыз ету;
•оқытуды 1 ауысымда 14.00-ге дейін және 2 ауысымда 19.30-ға дейін, сабақ ұзақтығын 45 минут деп белгілеу;
•баланы оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналарға көмек көрсету;
•оқу бағдарламасын меңгеру табыстылығын Баға қою туралы ережеге сәйкес бес баллдық жүйе бойынша бағалау;
•түрлі даулы жағдайда балаға байланысты әділдікті орнату жөнінде уақытылы шара қолдану;

2.Ата-аналардың (оларды ауыстыратын адамдардың) міндеттері:
•баланың ауруы немесе оның небір себептермен мектепке келмеуі жөнінде мұғалімге уақытылы хабар беруге;
•мектеппен бірге өз баласының оқуын бақылауға;
•баланың мектеп-гимназиядағы оқу әрекеті үшін қолайлы жағдай жасауға мұғалімге көмектесуге;
•баланың табысты оқуы және тәрбиесі үшін қажетті құралдармен қамтамасыз ету жауапкершілігіне;
•мектепке бала тарапынан келтірілген зиян үшін материалдық жауапкершілікке;
•ата-аналар жиналысына міндетті түрде қатысуға;
•балаға байланысты даулы жағдайды шешу үшін сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне, яғни директордың орынбасарына немесе директорға жолығуға;
•балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде мәселе қоюға.

Мектеп-гимназия және ата-аналар (оларды ауыстыратын адамдар) олардың арасында тығыз қарым-қатынасты анықтайтын әріптестік жөнінде (спонсорлық, қамқорлық, көмек, т.б.) арнайы жеке келісім-шарт жасауға құқылы.