oC

 

"Ғажайыптар орнағанда..." қызықты шытырманға толы күн.


 

Бүгінгі күн " Дос болайық кітаппен" ұранымен өтті.Мектеп кітапханашысы Қарлығаш Алтайқызы балалармен танымдық викториналық жарыс ұйымдастырып, тәтті сыйлықтар үлестірді.


Бүгін "Күншуақ" лагерінің балалары Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасына саяхаттап барды, түрлі ойындар ойнап,кітап оқып, уақытты тиімді өткізді.


  

 Бейіндік лагерінің оқушылары "Балалық шақтағы ағаш" атты челленджге қатысты. Әр бала өзінің балалық шағында көрген ағашын бейнеледі. Олар бейнелеген ағашының оқиғасымен бөлісіп, балалық шағын қуана еске алды.


Бүгін,6- маусым күні " Күншуақ" лагерінің балалары Горький атындағы драмтеатрға барып, " Дымбілместің басынан кешкендері" қойылымын тамашалады.


5- маусым күні " Күншуақ"лагерінде "Жүректерді жылытатын ортада"  достар кездесуі өтті.Біздің лагерьде балалар достарымен кездесіп,жаңа достар тапты.


Мемлекеттік рәміздер - кез- келген елдің  бірегейлігі мен егемендігін танытатын ажырамас атрибуттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Бүгін,  4- маусымда «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерьде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтті.

 

 

 

Бүгін "Күншуақ" лагерінде балалар "Қуыршақ" театрына саяхат жасап," Элвин және жұмбақ орманның тұрғандары" қойылымын тамашалады.

 

 

 

Бүгін,5- маусым " Күншуақ" лагері "Евразия CINEMA 7" кинотеатрында болды.Балалар " 10 жизней" мультфильмін тамашалады.


 

 

Мектебіміздің жазғы бейіндік лагерінде топтық зейін ашу ойындары ойнатылды. Балалар ойындарға белсенді, қызыға қатысты. Балалар лагерьге үлкен ынтық қызығушылықпен асыға келуде
Жетекшілері: Козак.И.В және Иванова.З.Ж

 

 

 

алалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына ең алдымен, баланы әлеуметтік қорғау және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау қажет, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру үшін балаларға арнап мектептік жазғы лагерь бастау алуда.
Балалар ашылу салтанатына орай, ән айтып би биледі. Мектеп директоры балаларды аяқталған оқу жылымен құттықтап, жазғы лагерьде көргеніне қуанышты екенін айтты.

3- маусым күні "3 мектеп - гимназиясында" мектеп жанынан құрылған "Күншуақ" лагерінің ашылуына арналған саптүзеу өтті.Мектеп директоры Э.М.Муханбедина балаларды лагерь ашылуымен құттықтап, жақсы демалыс тіледі.
Балалар " 7 арал" квест- ойынын ойнады.Әр аралдың тапсырмаларын орындап,кілт элементтерін жинады.Ойын соңында барлық тапсырманы орындап,кілтті жинаған топтар жеңіске жетіп, марапатталды.