oC

1-ші Қыркүйек күні бүкіл білдіршіндердің, оқушы, студенттердің мерекесі ғана емес, аяулы ұстаздар мен ата-ананың мерекесі. Білім әр адамзаттың санасында болуы тиіс. Себебі білімсіздің күні қараң. 

Кішкентай бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдығын аттаса, оқушылар бір жылға есейетін күн. Салтанатты сызғыштар, құшақ-құшақ гүл, ән-күй, думан осы күнге тән. Алғашқы оқу күннен-ақ оқушыларға кітаптар таратылып, жаңа оқу бағдарламасымен таныстырылады. Жаз бой демалған миымызға қыркүйектің 1-інен бастап қайта жұмыс істеуге тура келеді. Барлық оқушылар жаңа киім, жаңа портфельдерімен бірге осы күнді асыға күтеді.  Және бұл күн әр баланың есінде мәңгі жатталса керек. 9 ай бойы білім алатын оқушылар бұл күні ерекше көңіл күймен келеді. Соған орай мектебімізде "Мектебім миірім мекені" атты үлкен іс шара өткізілді, аяулы ұстаздар балаларды құттықтап жаңа оқу жылын таныстырды.