Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
№3 мектеп - гимназиясы ШЖҚ МКК

Мектеп формасына қойылатын талаптар:

Құрметті ата аналар!!!
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылына мектеп формасын ұсынамыз.

Ұл балалар үшін: жағалы ақ жейде, қою көк түсті (немесе қара түсті) пиджак, шалбар. Шалбардың ұзындығы тобықты жабатындай болуы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қара-көк, қара түсті туфли, классикалық аяқ киім. Спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет.

Қыз балалар үшін: Жағалы ақ жейде, қою көк түсті (немесе қара түсті) белдемше. Белдемшенің ұзындығы тізеден жоғары болмауы тиісті. Аяқ киімге қойылатын талап: қара-көк, қара түсті туфли, балетки,спорттық үлгідегі киімге жол берілмейді. Қыс мезгілінде ақ водолазка, қою көк, қара түсті жемпір, жилет, кең пішілген шалбар.

Мектеп формасы - бұл оқушыларға арналған бірыңғай киім түрі.

Оның басты мақсаты - мектеп ішінде бірдейлік пен тәртіпті сақтау, оқушыларды әлеуметтік айырмашылықтардан қорғау және білім беру ортасын қалыптастыру.