Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
№3 мектеп - гимназиясы ШЖҚ МКК

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.

️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру

 Қажетті құжаттар:

Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 

Баланың туу туралы куәлігі;

Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;

№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 

Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті. 

Ескерту: Мектеп әкімшілігі Сізден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

 Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан [https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk] және мектептердің сайттарынан білуге болады.
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.

 Мектептер арасында балаларды ауыстыру:
Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
• Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда; ️
• Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда (тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда);
• Қазақстаннан тыс жерге шыққанда (растайтын құжаттар ұсынылса);
• Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.

 Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін байланыс телефондары:
556870, 556881, 556887, 557462.


Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. 

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1 - сыныпқа ата - анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай - ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

1) ата - ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065 - у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052 - 2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:

Ата - аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Құрметті ата - аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!


1 - сыныпқа құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына оқуға қабылдау.